«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мейіржанның мерейі үстем

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер  ойындарынан ақжолтай хабар жетті. Қазақ күресінен 60 килограмм салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғаған “Қызылжар арландары” клубының мүшесі  Мейіржан Берекетов алтыннан алқа тақты. Ол финалда Әзірбайжан балуанының жауырынын бозкілемге тигізді. Мейіржан барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңгенін айта кеткен жөн.   

Біз “Қызылжар арландары” клубының директоры  Алтынбек Аусағитовпен телефон арқылы хабарласып, шәкіртінің жеңісімен құттықтаған болатынбыз.

– Бұл – Қызылжардың ғана емес, бүкіл Қа­зақ елінің қуа­нышы. Қазақ күресінен жігіттеріміз де, қызда­ры­мыз да намысты қолдан бермеуде. “Қы­зылжар арландары” клубының сапынан Мейір­жан Берекетов еліміздің құрама қоман­дасында өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік са­тысынан көріне білді. Бұл – бәрімізге ор­тақ қуаныш,  – деді Алтынбек Аусағитов.

Абай облысының Ақсуат ауданындағы Екпін ауылының тумасы Мейіржан Берекетов 2018 жылы “Қызылжар арландары” клубы құрылғаннан бері оның сапында қазақ күресімен айналысып келеді. Ол бірнеше жарыста жеңімпаз атанған.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp