Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметіне Ержан Қарымсақов тағайындалды.
Ержан Қарымсақов 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын “заңгер”, 2014 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін “экономика және бизнес бакалавры” мамандығы бойынша бітірген.
2001-2005 жылдар аралығында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде әртүрлі қызметтер атқарды.
2005 жылдан 2013 жылға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде консультанттан бастап, бөлім басшысына дейінгі лаузымда жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті басқармасының бас консультанты, 2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың қазан айына дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2020-2024 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.