«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шоқпардай кекілі бар “Қамысқұлақ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жарыс жолына аузымен құс тістеген жүйріктер шықты. Соның ішінде құнан бәйгеге Қазақстан, Қырғызстан мен Моңғолиядан 15 сәйгүлік қатысты. 11 шақырымға созылған додада жерлесіміз Біржан Шаймерденовтің “Қамысқұлағы” мәреге оқ бойы озық келді.

Жарыс басталысымен Қыр­ғызстаннан келген тұлпар суы­рылып алға шыққан. Ал “Қа­мысқұлақты” тізгіндеген Әмір Серік болса соңғы екі айналым қалғанға дейін тізгінді тартып отырды. Тек ақырғы шақырым­дарда ғана қамшы басты. Нә­тижесінде жеңіс солтүстік­қа­зақстандық спортшыға бұйыр­ды. “Қамысқұлақтың” екпініне еш­­кім ілесе алмады. Құнан бәй­­генің күмісі де, қоласы да отан­дастарымыздың еншісін­де. Екін­ші орынға “Айшуақты” тіз­гіндеген Аңсар Арыстанбек кө­терілсе, үшінші жүлделі орын­ды “Бақторы” атты тұлпа­ры­мен Ділнұр Нұрмұқаш иеленді.

Бұған дейін “бес асықтан” сол­түс­тікқазақстандық спортшы Сә­ния Әс­кер жеңіс тұғырының ең биі­гі­не көте­рілгенін айта кет­кен жөн. Жер­ле­сіміз команда­лық сында топ жар­ды. Бес асық­тан ұлттық құ­рама “А” тобында қар­сылас шақ кел­тірмей, ал­ғашқы орынмен ақ­тық сынға жол­дама алған. Фи­нал­да қазақ қыздары Ресеймен бақ сынас­ты. “Алау” мұз айдыны ке­ше­­нін­де өткен ойында отандық спорт­шылар қарсыласта­рын 3:0 есе­­бі­мен тізе бүктірді.

Көшпенділер ойындарында “Қы­зылжар арландары” клубы­ның мү­шесі Мейіржан Береке­тов қазақша күрестен 60 келі салмақ­та бірінші орын алғанын бұ­ған дейін жазған болатынбыз.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp