«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақша бопсалаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір полицейлері 19 жаста­ғы жігітті қорқытып, одан ақша бопсалаған қылмыстық топты құрықтады.

Оқиға 20 тамызға қараған түні облыс орталығында орын ал­ған. Қылмыстық топ 19 жаста­ғы жігітті қорқытып, мобильді қо­сымша арқылы 30 мың теңге не­сие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кейін қаржыны өз­де­рі тартып алған.

Облыстық прокуратураның жіті қадағалауымен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары ба­рысында полицейлер аталған іске қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 20 және 22 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.

“Қазіргі уақытта күдіктілер кү­зетпен қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Қылмыс­тық кодек­стің 194-бабының 2-бөлігіне сәйкес адамдар тобы­ның ал­дын ала сөз байла­суымен жа­салған құқық бұзу­шы­лық үшін олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүм­кін”, – дейді облыстық поли­ция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқа­лиев.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp