Облыс орталығындағы “Бірлік” шағынауданында жаңа учаскелік полиция бекеті ашылды. Ол жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын №1 үйде орналасқан. Мұнда екі қызметтік кабинет бар. Компьютерлік техникамен, жиһазбен және басқа да қажетті құралдармен жабдықталған.
Аталмыш әкімшілік учаскедегі құқықтық тәртіпті сақтау Петропавл қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ерлан Нөгербековке жүктелді.
– Бұл қосында тұрғындарға учаскелік инспектормен бірге жедел уәкіл, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор қызмет көрсететін болады. Шағынаудандағы қоғамдық тәртіпті бақылап отыру үшін полиция қосынының мониторына төрт бейнебақылау камерасы қосылған. Полиция қосынының қолданысқа берілуі “Қолжетімді полиция” қағидатын іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.