«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЙЛЫ ОҚЫРМАНҒА ОЛЖА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана сөресі  жаңа туындылармен  толықты.

Көзі қарақты оқырман ХІХ ғасырдың екінші жар­тысында отаршылдық билік құ­рылы­мында қызмет атқара жүріп, қазақ халқының мүддесін қор­ғаған Ахмет Кене­сариннің қазақтың соңғы ханы – Кенеса­ры Қасымұлы мен оның ұлы Сы­дық сұлтанның өміріне арнал­ған “Насаб наме сұлтан Сыдық” атты туындысын қызы­ға оқыры анық.  Белгілі ғалым,  қо­ғам қайраткері, академик Оразалы Сәбденнің “Өркениет­тің жаңа дәуірі”, көрнекті жазу­шы Мәди Айымбетовтің “Бо­пай ханым”, Зейнеп Ахметова­ның “Күре­тамыр” атты кітапта­ры қазіргі қазақ қоғамына, ел ертеңі саналатын ұл-қыздарға  ауадай қажет мінездер мен қасиеттерді насихаттайды.  “Біз кітапхана оқырмандарының шетел әдебиетінің көрнекті өкіл­дерімен танысуларына жағ­дай жасай­мыз. Бройнинг Ло­рет­та Гра­цианоның “Бақыт гор­мондары”, Морган Хаузелдің “Ақша психологиясы” туынды­ла­рын іздеп жүріп оқитындар көп”, – дейді кітапханашы Май­ра Әшімова.

Сөреге келіп түскен жаңа кі­таптар арасында жерлестері­міз­дің де еңбектері бар. Белгілі жа­зушы Зейнел-Ғаби Иман­баев­тың “Ортақкөл әңгімелері”, ақын, журналист, аудармашы Зейнол­ла Әкімжановтың “За­ма­на шам­шырағы” атты кітап­тары оқыр­манның олжасына айнала­ры сөзсіз.

 Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp