«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оныншы орында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің 20-шы турында жергілікті “Қызыл­жар” сырт алаңда елордалық “Ас­тана” командасына қарсы ойын өткізді. Матч Алматы қаласында ұйымдастырылды.

Кездесу басталысымен “Аста­на” аяқдопшылары ойын тізгінін өз қолдарына алды. Астаналықтар жер­лестеріміздің  қақпасына екі гол салғанымен, VAR көмегіне жү­гін­ген төреші қос нәтижелі соққы­ны есепке алмады. Бірінші тайм­ның соңына қарай, елордалықтар дегеніне жетті. Тағайындалған он бір метрлік айып добын орындауға келген Джеффри Чинеду мүлт кетпеді. Қосымша берілген уақыт­та қызылжарлықтар таразы басын теңестіре алды.

Екінші таймда қос команда да жеңіс үшін барын салды. Алайда “Астана” клу­бының жолы болып, кездесудің нүктесін Джеф­фри Чинеду қойды. Осылайша, жерлестеріміз жеңі­ліс­тің ащы дәмін татты.

Ел біріншілігінің турнир кесте­сінде көш басында “Ақтөбе” ко­мандасы тұрса, жерлестеріміз 10-шы орында.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.            

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp