«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Бірліктегі” полиция бекеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы “Бірлік” шағынауданында  жаңа учаскелік полиция бекеті ашылды. Ол жал­пы ауданы 100 шаршы метр болатын №1 үйде орналасқан. Мұнда екі қызметтік кабинет бар. Компьютерлік техникамен, жиһаз­бен және басқа да қажетті құрал­дармен жабдықталған.

Аталмыш әкімшілік учаскедегі құқықтық тәртіпті сақтау Петро­павл қалалық жергілікті полиция қыз­меті бөлімінің учаскелік поли­ция инспекторы Ерлан Нөгербе­ковке жүктелді.  

– Бұл қосында тұрғындарға учас­келік инспектормен бірге же­дел уәкіл, кәмелетке толмағандар­дың істері жөніндегі инспектор қыз­мет көрсететін болады. Шағынау­дандағы қоғамдық тәртіпті бақы­лап отыру үшін полиция қосыны­ның мониторына төрт бейнеба­қы­лау камерасы қосылған. Полиция қосынының қолданысқа берілуі “Қолжетімді полиция” қағидатын іске асырудағы маңызды қадам­дар­дың бірі, – деді облыстық поли­ция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp