«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Директор да, дәрігер де сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық со­тында  пара алды деген айыппен Жамбыл ауданы­ның Пресновка ауылында­ғы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры мен пара алуға делдалдық жасағаны үшін осы орталықтың психиат­рына қатысты қылмыс­тық іс қаралды.

Сотта­лушылардың кінәсі куә­герлердің айғақтарымен және істің жазбаша ма­те­риалдарымен дә­лелденді. Сот үкімімен орталық ди­рек­торы Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы және 55-бабының 4-бөлігі бойын­ша кінәлі деп танылып бес жылға, ал психиатр дәрігерге үш жылға бас бостандығынан айыру түрін­дегі жаза белгіленді. Екеуі де  жа­засын қауіпсіздігі орташа қыл­мыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады. Сотталғандар мемле­кеттік қызмет  саласында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айы­рылады.

Кәмшат САТИЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp