«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дайындық пысықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  халыққа арнаған “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” Жолдауында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанда өткізу белгіленген болатын.

Осыған орай өңірге келген Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров учаскелерде жұмыс істейтін комиссия мүшелерімен кездесті. Жиында референдумға  дайындық шаралары пысықталып, атқарылатын жұмыстардың басты мақсаттары мен негізгі міндеттері айқындалды. Константин Викторович өз сөзінде еліміз бойынша 10327 сайлау учаскесі құрылғанын, оның 78-і шетелде орналасқанын, сайлау комиссиясының мүшелері 70049 адамды құрайтынын, 12176968 сайлаушының тіркелгенін жеткізді. Референдум кезінде сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7-ден бастап, кешкі 20-ға дейін жалғастырады. Осы уақыт аралығында азаматтар АЭС құрылысына қатысты  өз таңдауларын жасайды.

Осыған орай өңірге келген Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров учаскелерде жұмыс істейтін комиссия мүшелерімен  кездесті. Жиында референдумға дайындық шаралары пысықталып, атқарылатын жұмыстардың басты мақсаттары мен негізгі міндеттері айқындалды.

Константин Викторович өз сөзінде еліміз бойынша 10327 сайлау учаскесі құрылғанын, оның 78-і шетелде орналасқанын, референдум комиссисының мүшелері 70049 адамды құрайтынын, 12176968 дауыс беруге құқылы екенін жеткізді. Референдум кезінде  учаскелер өз жұмысын таңғы 7-ден бастап, кешкі 20-ға дейін жалғастырады. Осы уақыт аралығында азаматтар АЭС құрылысына қатысты өз таңдауларын жасайды.

“Биыл алғаш рет референдумға шақырту қағаздарына QR код енгізілді. Онда референдумға қатысты нақты ақпараттар қамтылып, дауыс берушінің құқықтары мен ережелер толық жазылатын болады. Шақырту қағазын дауыс беруге құқығы бар адамның тұрғылықты мекен-жайына комиссия мүшесі апарады. Қазір дауыс берушілердің саны, аты-жөні нақтылануда”, – деді Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары. 

   Референдум кезінде облыста 606 комиссия жұмыс істейтін болады, олардың 15-і – аумақтық, 591-і – учаскелік. Комиссия мүшелерінің саны – 3430 адам. 591 референдум учаскесінің 97-сі облыс орталығында орналасқан.   Әзірге дауыс беру тізіміне 375 236 адам енгізілген.

Облыстық мәслихаттың акт залында сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен тренинг ұйымдастырылып, референдумға барып, таңдау жасайтындардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Референдумға қатысты атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы баяндалды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp