«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨМІР ЖЕТКІЛІКТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде жылыту маусымының басталғанына бірнеше күн болды.  Қазіргі уақытта энергетиктер әлеуметтік нысандарды желіге кезең-кезеңімен қосып жатыр. Облысқа қысқы мезгілде 604 мың тонна көмір қажет. Соның жартысынан астамын тұрғындар тұтынады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 405 мың тонна көмір әзірленген, оның 245 мың тоннасын жеке үй тұрғындары түсіріп алыпты. Яғни халыққа әлі 154 мың тонна көмір қажет.

“Бюджеттік мекемелер көмірмен 100 пайыз қамтылды. Жалпы облыс бойынша көмір сататын 36 пункт бар. Тұйықтарда 44,2 мың тонна, көмір жатыр. Ерекше сұранысқа ие Шұбаркөл, Қаражыра, Майкүбі көмірлерінің бағасы әртүрлі, 12,5 мың теңгеден 22,5 мың теңге аралығында саудалануда”, – дейді Данияр Қуанышбаев.

Ол биыл өңірде көмір жетіспеушілігі мәселесінің туындамайтынын айтты. Жақын күндері өңірге тағы 200 вагон, яғни 13800 тонна көмір жеткізілмек.

“Қыркүйек айында облысқа 968 вагон – 66,3 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған. Оның 293 вагоны – Шұбаркөл, 390 вагоны – Қаражыра, 240 вагоны Майкүбі көмірі және қалған 45 вагон басқа маркалар. Оның 312 вагоны тікелей Петропавлға келеді”, – дейді басқарма басшысы.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp