«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕГІЗСІЗ ҰСТАЛҒАН ҚАРЖЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары жұмысшылардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілерін әшкереледі. Атап айтқанда, еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында олардың жалақыларынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстап қалу сияқты оғаш оқиғалар анықталды.

Айыртау ауданы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарын өрескел бұза отырып, 28 қызметкердің еңбекақысынан ынталандырушы үстемеақыларды өтеу есебінен 1,3 млн. теңге қаржыны заңсыз ұстап қалған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған сомалар иелеріне қайтарылды. Осылайша қабылданған нақты шаралардың нәтижесінде орталық қызметкерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Еңбек құқықтарын қорғау мәселесі облыстық прокуратура мамандарының тұрақты бақылауына алынған.

Аида БАБАСОВА,                                                                                                     

облыстық прокуратураның  баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp