«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айыртаудың әкімі ауысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Мейрам Меңдібаев Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды.

Мейрам Жақсылықұлы 1971 жылы Мағжан Жұмабаев ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Қазақстанға 40 жыл” кеңшарында құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы болып бастаған.

2018-2021 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлiгi жер ресурстарын басқару комитетiнiң жердi пайдалану мен қорғауды, геодезиялық қызметтi мемлекеттiк бақылау басқармасының басшысы болды.

Осы тағайындауға дейін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жетекшілік етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp