«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒДЫРЫ ҚЫЛ ҮСТІНДЕ ТҰРҒАН АУЫЛДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Парламент Сенатының жалпы отырысында халық қа­лау­лылары Нұртөре Жүсіп, Ольга Перепечина мен Әсем Рахме­то­ва Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған бо­латын. Сенаторлар еліміздегі демографияға қатысты проб­лемалық мәселелерді көтеріп, Солтүстік Қазақстан облысындағы қа­зақтың классик жазушылары Ғабит Мүсіреповтің, Сәбит Мұ­қановтың, Сафуан Шаймерденовтің кіндік қандары тамған ауылдарда қалыптасқан мүшкіл ахуалға алаңдаушылық біл­дірді, теріскей өңірлерде әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын дереу қолға алу, аймақтарға жастарды тарту, инфрақұрылымды дамыту, миграцияны басқару, зей­нетақы және әлеуметтік қызметтерді жақсарту бойынша мәселелерді жедел пысықтап, нақты шешімдер қабылдауды сұ­рады. Сенаторлардың Үкімет басшысына жолдаған  депутаттық сауа­лын газет оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрдік.

“Қазақстан

Республикасының

Премьер-Министрі

О.А. БЕКТЕНОВКЕ

Құрметті Олжас Абайұлы!

Сенат өткен сессияда “Демо­графиялық өсу – ұлттың страте­гиялық артықшылықтарының не­гізі” тақырыбында Үкімет сағатын өткізген болатын. Сенат Үкімет пен тиісті мемлекеттік орган­дар­ға бірқатар ұсынымдар жол­да­ды. Осыған байланысты Үкімет берген жауапта көтерілген проб­лемалық мәселелердің басым бөлігі шешімін таппаған күйі қа­лып отыр. Мәселен, Үкіметке де­мография мәселелері бойынша мемлекеттік орган құру мәселе­сін зерделеу ұсынылды. Ұлттық экономика министрлігі мұндай мемлекеттік органды құру іс жүзінде мүмкін емес депті. Бұл қалай сонда? Бәрі керек те, демография керек емес пе?

Енді қараңыз: Елімізде демо­графиялық саясат саласындағы уәкілетті орган анықталмаған. Демографиялық зерттеулер жүйе­сін болжау да құрылмаған. Де­мографиялық саясат мәселе­лерінде мемлекеттің нақты ұста­нымы жоқ. Соның салдарынан бүгінгі таңда тек статистикамен шектеліп отырмыз.

Сенат өткізген Үкімет саға­тын­да ұзақ мерзімді және орта мерзімді перспективада фор­сайт-сессиялар өткізу, сондай-ақ демография бойынша ұлттық баяндама дайындау ұсынылды. Осыған қатысты Үкімет өз жауа­бында барлық салалық министр­ліктердің өзара іс-қимылын үй­лестіруді қамтамасыз ету тура­лы жалпы ақпаратты ғана ұсы­нып отыр. Сондай-ақ Үкімет сағаты ұсы­нымдарының бірінде Қазақ­стан Республикасының тұрақты демографиялық дамуы­ның ұзақ мерзімді бағдарла­масын әзірлеу мәселесі де кө­терілді. Бұл ұсы­нысты да Үкімет орынсыз деп санап отыр.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жер учаске­лерін 10-15 жылдан кейін жеке­меншікке беру құқығымен жалға беру мүмкіндігін зерделеу, салық жеңілдіктерін жасау, техника, мал сатып алуға, үй салуға тө­мен пайыздық кредит-несие бе­ру, сондай-ақ Солтүстік Қазақ­стан облысындағы жұмыскер­лерге кли­маттық үстеме жалақы таға­йындау мүмкіндігін зерделеу ту­ра­лы нақты ұсыныс берілген еді.

Еңбек министрлігінің жауа­бында бұл мәселелерге қатысты нақты шешімдер көрсетілмеген. Өңірлік әкімдіктердің жауапта­рында “Дипломмен – ауылға!” және қандастарды “Оңтүстіктен – Солтүстікке” көшіру бағдарла­ма­лары шеңберінде жастар үшін ше­каралық аудандарда жаңа тұрғын үй салу субсидиялауға бө­лінетін қаражаттың жеткіліксіз­ді­гі­не байланысты тиімсіз деп көр­се­тілген.

Сенаттың демография сая­са­­тына қатысты көтерген өзекті мә­селелерінің бәрін Үкімет еле­мей­тін болса, сырғытпа жауап­тар­мен ғана құтылса Үкімет саға­тын не үшін өткіздік сонда? Бұ­ның бә­рін кімге арналған екенін біл­мей отырып, елдің одан әрі әлеу­меттік-экономикалық да­муының қандай әсері туралы айтып отырмыз?

Бір сөзбен айтқанда, Үкімет берген жауап көңілімізді көншіт­пей­ді. Демографиялық сын-қатер­лер, халықтың қартаюы, бақы­ланбайтын урбанизация және көші-қон, халықтың шамадан тыс өлімі жүйелі және шұғыл ше­шім­дерді қажет етеді. Демография­лық процестер үшін Үкімет та­ра­пынан нақты жауапкер­шіліктің болмауы, мониторингтің жоқты­ғы жүргізіліп жатқан эко­номика­лық және әлеуметтік реформа­лардың тиімділігінің төмендеуіне әкелетінін тағы да назарыңызға салғым келеді.

Соңғы жылдары солтүстік-шығыс өңірлерде халықтың азаю тенденциясы қатты байқалуда. Ұлттық статистика бюросының де­ректері бойынша Солтүстік Қа­зақ­стан облысындағы көші-қон сальдосы 2024 жылғы 1 шілдеге теріс және – 3396 адамды құра­ды. Сондай-ақ Солтүстік Қазақ­стан облысы бойынша табиғи өсім 1000 адамға шақ­қан­да – 1,94 теріс сальдоны құрап отыр. Солтүстік Қазақстан облысы, Қос­танай және Пав­лодар облыста­рында дүниеге келген адам саны жылдан-жылға азайып келеді.

Құрметті Олжас Абайұлы! Өңірлерге жұмыс сапарлары ке­зінде халықпен кездесулер өткі­зіп келдік. Демографияға қа­тыс­ты сұрақтар тағы да алдымыз­дан шықты. Солтүстік Қазақстан облысында Сәбит ауы­лы жа­былуға жақын. Халық жазушысы Сафуан Шаймер­де­новтің ауылы жабылған. Еңбек Ері, қазақ әде­биетінің классигі Ғабит Мүсіре­пов туған Жаңажол ауылының тағ­дыры да қыл үс­тінде тұр.

Сондықтан Сенат ұсынымда­рын қайта қарауды, солтүстік өңірлерде әлеуметтік және эко­номикалық даму бағдарламала­рын дереу қолға алу, аймақтарға жастарды тарту, инфрақұры­лым­ды дамыту, миграцияны бас­қару, зейнетақы және әлеуметтік қыз­меттерді жақсарту бойынша мә­селелерді жедел пысықтап, нақ­ты шешімдер қабылдау қа­жет деп есептейміз.

“Қазақстан Республикасы­ның Парламенті және оның де­путат­тарының мәртебесі тура­лы” Қа­зақстан Республикасы Конс­титу­циялық Заңының 27-бабына сәй­кес, жоғарыда көтеріл­ген мәсе­лелер бойынша толық жазбаша жауап беруді сұраймыз” – делін­ген депуттаттық сауалда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp