«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Барлық көшеге асфальт төселеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала жолдарын жөндеу барысын тексерді. Биыл Петропавлда жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Осының арқасында биыл жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 50 пайыздан 67 пайызға дейін өспек.

Жалпы биыл облыс орталығында 57 көше жөнделеді. Соның ішінде 37 көшенің жолына асфальт алғаш рет төселмек. Бұл мақсатқа барлығы 7,4 млрд. теңге бөлінген. Өңір басшысының тапсырмасымен алдағы 4 жылда Петропавлдағы барлық жолдарға асфальт төсеу жоспарланып отыр.

Мұндай оң өзгеріс облыс орталығының шеткері орналасқан аудандарын да қамтиды.

“Біз қаланың жолдарын жөндеуге жыл сайын ақша бөлмекпіз. Оның көлемі биылғыдан кем болмайды. Алдағы 4 жылдың ішінде қаланың барлық көшесіне асфальт төсеу міндетін жүзеге асырмақпыз”, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімі жауапсыз мердігерлермен күрес жайына да тоқталды. Қомақты қаржыны қалтаға басып, істен қашатындарды сот арқылы сабасына түсіру керектігін баса айтты.

Қаланы аралау барысында облыс әкімі Жұмысшы кентіндегі жол өткелінің құрылысын және Жуков көшесіндегі кәріз коллекторын қайта жаңғырту барысын тексерді. Сонымен қатар “Береке” шағынауданындағы спорт кешені мен арнайы мектептің құрылысын көрді.

“Береке” шағынауданында салынып жатқан “Жайлы мектеп” пен балабақша құрылысының барысын бақыладым. Негізгі міндет – барлық жобаларды мерзімінде аяқтау”, – деді Ғаеуз Нұрмұхамбетов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp