«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШӘКІРТ БАҒБАНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өмірде әр адам ақыл толыстырып, білімін шыңдау жолында оқу нәрімен сусындатқан жандарға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол – ұстаз. Ұстаз – адамның бұл дүниеде ілмегенді ілдіретін, білмегенді білдіретін, санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын, өмірді ұғынуға себеп, тірлікке кірігуге көмек болатын, шәкіртін өмірге баулушы, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші ата-анадан кейінгі жанашыры және ақылшысы.

Мұғалім мамандығы қашан да зор құр­метке ие.  Адамзат баласы  ұстаздан дәріс алып,  өмірінің іргетасын  ол берген білім мен тәрбие негізінде қалайды. Ортамызда талай жеткіншектердің бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, ту­ралық пен шыншылдықты сіңіріп, тұлғалы аза­мат болып қалыптасуына зор үлес қо­сып жүрген жандар аз емес.  Солардың бірі – Бейнегүл Уәлиқызы Тасмағамбетова.

Ол 1980 жылы Петропавл педагогика­лық институтының физика-математика факультетін бітірген. Еңбек жолын Криво­щеково орта мектебінде математика пәні­нің мұғалімі болып бастайды. 1990-2011 жылдары директордың оқу-тәрбиесі  жөнін­де­гі орынбасары болып жұмыс істеді. 2011-2022 жылдары аталмыш білім ор­дасының директоры  болды.

Математика – өте күрделі пән. Сон­дықтан болар оған қызығушылар саны көп деп айта алмаймыз. Бейнегүл Уә­лиқызы өзінің талапшылдығымен, оқушы жүрегіне жол таба білуінің арқасында есеп шы­ғаруға құмар өрендердің қатарының қа­лыңдауына септесіп келеді. 

“Кез келген баланың бойында қауызын ашпаған қабілет пен талант бар. Оны ұстаз көре білуі керек. Сонда ғана баланың пәнге ғана емес өз болашағына деген сенімі нығая түседі. Біз оқушыны жеке тұлға, елдің ертеңі деп бағалағанда ғана жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз”, – дейді ұстаз.

Педагог өз жұмысында заманауи ақпа­рат­тық-коммуникациялық технологиялар­ды белсенді пайдаланады, презентациялық материалды дербес әзірлейді және сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды  өте қызықты өткізуге машықтанған.  Бүгін­де мектебімізде математикадан ғылыми зерттеулерге, конкурстарға, олимпиа­далар мен пәндік апталарға  ерекше ықы­ласпен қатысушы өрендер көп. Ұстаздың аудандық, облыстық, рес­пуб­ликалық және халықаралық олимпиа­даларда бақтарын сынап, жүлделі орын­дар­ға ие болған шәкірттері аз емес. 

Владислав ХРАМОВ,

Кривощеково орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp