«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жауапсыз мұғалімдер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

27 қыркүйек күні Ақжар аудан­дық полиция басқармасына Тал­шық ауылындағы мектепте бала­лардың есінен танғаны, бөлмеден улы иіс шығып жатқаны туралы ха­барлама түскен. Тергеу тобының мү­шелері мен учаскелік инспектор оқу­шыларды, техникалық қызметкер­лер мен мұғалімдерді ғимараттан эвакуациялаған, содан кейін кабинеттерді тексеруге кіріскен.

Тексеру барысында мектеп­тің екі мұғалімінің бұрыш спрейіне қа­рап тұрғаны, біреуінің спрейді шаш­қаны, улы газдың ауаға тара­ғаны анықталған.

Оқиға салдарынан 11 және 9  жас­тағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел зардап шегіп, аудан­дық ауруханаға жеткізілген. Бұ­рыш спрейін шашқан мұғалімдер әкімші­лік жауапкершілікке тар­тылды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp