«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНТҮРШІГЕРЛІК АПАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Астана – Петропавл” тасжо­лы­ның 435-ші шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты.

“Daewoo Nexia” автомобилі мен “КамАЗ 54105” жүк көлігі соқ­тығысқан. Жол апаты салда­ры­нан “Daewoo Nexia” жеңіл кө­лігі­нің 40 жастағы жүргізушісі мен 39 жастағы жолаушы алған жа­ра­қат­тарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 17, 19 және 62 жаста­ғы тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткі­зілген. Қазіргі уақытта жол апа­тының барлық мән-жайын зерт­теуге бағытталған тергеу әре­кет­тері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкі­лікті про­цестік шешім қабылда­нады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp