«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тегін дәрі кімдерге беріледі?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде 140 мың адам түрлі аурулармен диспансерлік есепке алынған. Яғни облыс тұрғындарының шамамен әр төртіншісінде созылмалы дерт бар.

“Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс­тық филиалының директоры Ай­нагүл Дәулетшинаның айтуын­ша, диспансерлік есепте тұрған­дар­дың 73 мыңға жуығы гипер­то­ниялық ауруға шалдыққан. Сыр­қаттардың ішінде егде жастағы науқастар да, жастар да бар. Мұн­дай науқастар өмір бойы учаске­лік дәрігердің есебінде тұрады және дерттің қаупі орташа болған жағдайда жарты жылда бір рет, қауіптілігі жоғары болса 3 айда бір рет тексеріледі. Сонымен қа­тар созылмалы дерті барлар дә­рігердің нұсқауы бойынша зерт­ханалық-диагностикалық сарап­та­ма жасатуы қажет. Ауру анық­талған жағдайда оларға тегін дәрі-дәрмек беріледі.

Өңірде қант диабетімен 22,3 мың пациент есепте тұр, олар да Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес тексеріліп, тегін дәрі қамтамасыз етіледі.

“Барлық диспансерлік топта­ғы сырқаттар тиісінше тексеру­лерд­ен өтеді және диагностика­лық зерттеулердің минималды кө­леміне ие. Кейбір жағдайда дис­пансерлік бақылау күрделі диаг­ностикалық процедуралар неме­се стационарда емдеу үшін гос­питализацияны қамтуы мүмкін. Диспансерлік бақылау әртүрлі санаттағы азаматтарды қамтиды. Ең алдымен, бұл жүрек-қан та­мыр аурулары, қант диабеті, өт ауруы, онкологиялық және бас­қа да сырқатқа бейім зей­неткерлер мен егде жастағы адамдар”, – дейді Айнагүл Дәу­летшина.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры диспансерлік топтарды қарау және динамика­лық бақылауды жүргізу үшін бас­тапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына жылда қара­жат бөледі. Биыл оның жалпы со­масы 2 млн. теңгеге жуық. Емдеу мекемелері аурудың асқынуын болдырмау үшін диспансерлік есеп­те тұрған 25 түрлі дертке шалдыққан пациенттермен про­филактикалық жұмыс жүргізеді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp