«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРКЕЙГЕН ҚАЛА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Таза Қазақстан” республи­ка­­лық акциясы аясында Булае­во қа­ласында “Ұрпақпен байла­ныс” деп аталатын жаңа аллея пайда болды. Экологиялық ак­цияға ау­дандық ардагерлер ке­ңесі, де­путаттар, құқық қорғау саласы, төтенше жағдайлар бө­лі­мінің және түрлі мекеме қыз­меткер­лері, шекарашылар, ор­ман­шы­лар, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысып, жастар жағы ерекше белсенділік көр­сетті.

“Мемлекет басшысының бас­та­масымен қолға алынған “Таза Қазақстан” республи­ка­лық акциясы ауданымызда қар­қын алған. Осы уақыт аралы­ғында көптеген игі шаралар ұйымдастырылып, елді мекен­дер мен көшелер тазартылып, абаттандырылды. Бұл жұмыс­тар одан әрі жалғасын табатын болады. Бүгінгі шаруа – соның айқын дәлелі. Өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор”, – деді ашылу салтанатында сөй­ле­ген сөзінде аудан әкімі Рахат Смағұлов.

Осы күні аллея аймағына 180 түп қарағай отырғызылған. Өскіндер ертең-ақ жайқалып, қалың нуға айналары сөзсіз.

“Ұрпақпен байланыс” ал­лея­сын күтіп-баптау жұмыста­рын мектеп оқушылары өз қам­қорлығына алып отыр.

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp