«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көп асқанға – бір тосқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция қызметкерлерінің назарына Петропавл қаласы­ның бопсалаумен, алаяқтықпен және тонаумен айналысқан 22, 19 және 17 жастағы тұрғындары түскен.

Наурыз айында олар жас жі­гітті қаңырап бос жатқан ғима­рат­қа апарып, пышақпен қорқы­тып, 120 мың теңгеден астам со­маға шағын несие ресімдет­кізген. Кейін шабуылдаушылар жәбірленушінің құны 140 мың теңге болатын ұялы телефонын тартып ал­ған.

Ал сәуір айында қылмыскер­лердің кенжесі, 17 жастағы пет­ропавлдық өзінің танысын, сон­д­ай-ақ кәмелетке толмаған ба­ланы то­нап, смартфондарын алып кетеді. Бұл қылмыстарды полиция қызметкерлері жедел түрде анықтаған. Қазіргі уақытта қылмыскерлердің үлкені 4 жыл 8 ай, кішісі 3 жыл 6 ай бас бостан­дығынан айырылып, жазаларын өтеуде, екеуі де бұрын қыл­мыс­тық жауапкершілікке тартылған. Олардың жүргізушісі рөлін ат­қар­ған серіктесіне сот 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жаза­сын тағайындады.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp