«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕГЕЛІ ҚАРИЯЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарттарды қолдау айлығы аясында И.Шухов атындағы қалалық кітапханада “Көңілдің жарық нұры” атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға “Қазақ аналары – дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының мүшелері қатысты.

Кеш барысында ұйым төр­айы­мы Алма Махамбетова сөз сөй­леп, қазыналы қариялар­дың өнегесін жастарға үлгі етті. Ша­ра­ға қатысқан жастар мен аға ұрпақ өкілдері арасында ин­тел­лек­туалдық, танымдық са­йыс өтті. Сайыс барысында қа­ты­су­шы­лар түрлі жанрдағы ән­дерді шырқап, кеш көрігін қыз­дыр­ды. Мәселен, қарттар қа­зір­гі зама­науи туын­дыларды орын­­даса, жас­тар халық ән­де­рін шырқа­ды. Пси­хологиялық ойындар мен ней­ро­жаттығу­ларғ­а қатыс­қан студент­тер бел­сенділік танытты.

Мағжан Жұмабаев атында­ғы жоғары колледж студенттері өз өнерлерін паш етіп, кеш ме­рекелік ән шашуға ұласты. Ша­ра соңында аға ұрпақ жастарға бата беріп, алғысын білдірді.

Ермек ЖҰМА,

“Soltüstik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp