«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛЕШЕГІ ЗОР ШАҒЫНАУДАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кешенді дамыту жоспарына сәйкес, бес жылда 2,3 млн. шаршы метр баспананы пайдалануға беру міндеті тұр. Бас шаһардағы “Жас өркен”, “Береке”, “Копай” шағынаудандарында реновация бағдарламасы аясында 1700 ескі және апатты жағдайдағы үйлер сүріліп,  жаңа нысандар бой көтеруде.

Копайдағы 44,6 гектар жерге көпқабатты үйлер тұрғызылып, 10 мың адам кең де жарық пәтерлерге ие болады.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов “Копайдағы” үйлердің құрылысын тексерді. Қазір мұнда 605 пәтерлік 7 көпқабатты үй салынуда. Оны кезекте тұрғандар несиеге рәсімдей алады. Төрт үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік желілер де тартылуда.

“Бұл шағынауданда барлығы 3,8 мың пәтерлік 27 үй салынбақ. Әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша мен емхана да тұрғызылады. Тозығы жеткен үйлердің орнына жайлы өмір сүруге арналған болашағы зор шағынаудан бой көтермек”, – деді Ғауез Торсанұлы.

  Сондай-ақ қаланы аралау барысында өңір басшысы бюджеттік және коммерциялық үйлердің құрылыс барысымен танысты.  Петропавлда қазір барлығы 32 тұрғын үй, оның 20-сы жеке компанияның есебінен салынуда.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp