«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Нәтижелі ойын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің кезекті турында жергілікті “Қы­зылжар” клубы өз алаңында “Атырау” командасын қабылда­ды. Тартысты кездесуде жеңіс солтүстікқазақстандық аяқдоп­шы­ларға бұйырды.

Ойынның бірінші минутта­ры­нан бастап жерлестеріміз ша­буылдауға кірісті. Көп ұзамай матчта алғашқы гол да соғыл­ды. Жерлестеріміз сапынан Рафаэл Сабино көзге түсті. Қонақ­тар да қарап қалмады. Кезде­су­дің 30-шы минутында Алек­сандр Нойок нәтижелі соққы жа­сап, та­разы басын теңестірді.

Екінші таймда “Қызылжар” клубы­ның ойыншылары есепте алға шықты. Алдымен Рубен Брижиду көзге түссе, кейін Ев­гений Березкин матчтағы ба­сым­­дықты ұлғайтты. Десе де қо­нақтар сапынан да гол соғатын аяқдопшы табылды. Атырау­лықтар қатарынан Александр Нойок есеп айырмасын қыс­қарт­ты. Осылайша кездесу 3:2 есе­бімен аяқталып, жеңіс жергі­лікті команда еншісіне жа­зылды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp