Өткен демалыс күндері облыс орталығында “Бірге – Таза Қазақстан” акциясы өтті. Жалпыұлттық сипатқа ие болған науқанға 500-ге жуық адам қатысты.
Шарадан жергілікті атқарушы ұйымдардың өкілдері, жастар, еріктілер қаламыздың көркеюі мен тазалығына бейжай қарамайтын аға буын өкілдері де тыс қалмады. Бұл жолы қатысушылар облыс орталығындағы Тұңғыш Президент саябағын қоқыстан тазалап, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
– Мұндай шаралардан әр адам қалыс қалмауы керек деп ойлаймын. Өйткені экологиялық ахуал адамдардың жауапкершілігіне байланысты. Біз қаламыздың таза әрі көрікті болуына мүдделіміз. Сондықтан “Бірге – Таза Қазақстан” акциясына белсене қатыстық. Бұл – біздің азаматтық парызымыз, – деді “AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ілияс Сәбденов. Сенбілікке 5 техника жұмылдырылып, 3 тонна қоқыс жиналғанын айтып өту қажет.
Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstik Qazaqstan”.