«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЯБАҚТАҒЫ СЕНБІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен демалыс күндері об­лыс орталығында “Бірге – Таза Қазақстан” акциясы өтті. Жалпы­­ұлт­тық сипатқа ие болған нау­қанға 500-ге жуық адам қа­тысты.

Шарадан жергілікті атқарушы ұйымдардың өкілдері, жастар, еріктілер қаламыздың көркеюі мен тазалығына бейжай қара­май­тын аға буын өкілдері де тыс қалмады. Бұл жолы қатысу­шылар облыс орталығындағы Тұң­ғыш Президент саябағын қо­қыстан тазалап, қаламыздың эколо­гиялық жағдайын жақсар­ту­ға өз үлестерін қосты. 

– Мұндай шаралардан әр адам қалыс қалмауы керек деп ойлаймын. Өйткені экологиялық ахуал адамдардың жауапкерші­лігіне байланысты. Біз қаламыз­дың таза әрі көрікті болуына мүд­деліміз. Сондықтан “Бірге – Таза Қазақстан” акциясына белсене қатыстық. Бұл – біздің азаматтық па­рызымыз, – деді “AMANAT” пар­тиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ілияс Сәбде­нов. Сенбілікке 5 техника жұмыл­дырылып, 3 тонна қоқыс жинал­ға­нын айтып өту қажет. 

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp