«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕКАРАЛАС АЙМАҚТАР: ОРТАҚ МҮДДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко бастаған ресейлік делегация келді. Делегация құрамында әкімшілік қызметкерлері мен іскер топ өкілдері болды. Бұл сапар  екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды шара болып табылады. Кездесу барысында аймақаралық байланысты дамыту, экономика, мәдениет және білім саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мүмкіндіктері ұсынылды.

Алдымен делегация мүше­лері өңірдегі өндіріс орындарын аралады. Атап айтқанда, фанер, қағаз, сабын өндіретін кәсіп­орындар және “Петро­павл ме­талл құрылғылары” за­уы­тын ара­лап көрді. Соңғысындағы за­ма­науи технологиялар мен өнді­ріс үдерісі делегация мүшелері­нің қызығушылығын тудырды. Ал кәсіпорын басшылары өнім­дері мен өндірістік тәжірибелері туралы  ашық баяндады.

Солтүстік Қазақстан мен Ом­бы облысы – географиялық жа­ғынан шекаралас жатқан өңір­лер. Бұл тарихи, мәдени және экономикалық байланысты ны­ғайтуға негіз болып табылады. Шекаралас аймақ болғандықтан шешетін ортақ мәселелер де бар.  Екіжақты кездесу кезінде өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов делегация мүшелерін об­лыстың әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамуымен, ин­вестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

– Солтүстік Қазақстан және Омбы облысы арасында тарихи және мәдени байланыстар бар. Біз осы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін тың  жоба­ларды бірге жүзеге асыруымыз керек. Әр өңірдің экономикалық әлеуетін ескере отырып, өзара тиімді шешімдер табуымыз қажет. Бұл тек  екі облыстың ғана емес,  қос елдің де дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін. Біздің күш-жігеріміз, идеялары­мыз бен ресурстарымыздың бірігуі  оң нәтижелерге жеткізеді, – деді облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов.

Омбылық делегация жетек­шісі ынтымақтастықты дамы­ту үшін арнайы ұсыныстары ба­рын айтты.

– Біз бірге жұмыс істеп, өзара тиімді жобаларды жүзеге асы­руға ниеттіміз. Осы ынтымақтас­тық аясында ауыл шаруашылы­ғы, өнеркәсіп және туризм сала­ларында бірлескен бастамалар­ды қолға алуды ұсынамын, – де­ді Омбы облысының губернато­ры Виталий Хоценко.

Кездесу барысында маңыз­ды меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. “Qyzyljar” арнайы эко­номикалық аймағы мен “Тепло­эксперт” жауапкершілігі шектеу­лі серіктестігі, “Солтүстік” әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорация­сы” ұлттық компаниясы” акцио­нерлік қоғамы мен “ЗМК МОСТ” зауыты өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қой­ды. Бұл құжат екі өңірдің кәсіп­орындары арасындағы эконо­ми­калық байланысты нығайту­ға, жаңа жобаларды жүзеге асы­ру­ға, сондай-ақ технологиялар мен инновацияларды бөлісуге мүм­­кіндік береді. Меморандум ая­сын­да тараптар бірлескен жо­баларды іске асыру, кадрларды даярлау және өндірістік үдеріс­терді жетілдіру бойынша бір­лес­кен жұмыстар жүргізуді жос­пар­лап отыр.

Омбы делегациясының са­пары барысында екі жақты ке­ліс­сөздер өткізіліп, ауыл шаруа­шы­­лығы, өнеркәсіп және ту­ризм са­лаларындағы серіктес­тікті арт­тыру мәселелері де тал­қылан­ды. Солтүстік Қазақстан об­лысы ауыл шаруашылығы са­ласында әлеуеті зор аймақ бол­ғандық­тан, бұл бағыттағы ын­ты­мақтас­тық екі тараптың да экономика­лық тұрғыдан дамуы­на серпін бер­­мек.

Сонымен қатар білім беру және мәдениет саласындағы бай­ланыстарға да ерекше на­зар аударылды. Екі өңірдегі жо­ғары оқу орындарының арасын­дағы ынтымақтастық студент­тер мен ғалымдардың тәжірибе алма­суын күшейтуге, бірлескен ғы­лы­­ми жобаларды іске асы­руға мүм­кіндік береді. Жоспар­ланған мә­дени іс-шаралар мен көрме­лер де халықтар арасын­дағы өза­ра түсіністік пен дос­тықты ны­ғайту­да маңызды рөл атқарады.

Сапардың соңында омбы­лық қонақтар орталық сая­бақ­тағы Абай-Пушкин ескерткі­шіне гүл­шоқтарын қойды. Бұл іс-шара екі елдің мәдени бай­ланысының, достығы мен өзара сыйластығының айғағы бол­мақ.

Осылайша өңірлер арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі басталды. Ынты­мақ­­тастықты дамыту арқылы екі аймақ та өздерінің эконо­мика­лық және әлеуметтік дамуын жаңа деңгейге көтеріп, ха­лық­тың әл-ауқатын арттыруға ұм­тыл­мақ.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp