«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1995 жылы Президент Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан – Құтқарушы күні болып белгіленді. Биыл Төтенше жағдайлар комитетінің құрылғанына 29 толып отыр. Осы уақыт аралығында құтқарушы мамандар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, аянбай тер төгіп келеді.  Оқушылар сарайында өткен салтанатты шарада бірқатар құтқарушы құрметке бөленіп, Алғыс хатқа ие болды.

Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов сөз сөйледі. Ол құтқарушы мамандарды өңір басшысының атынан құттықтап, қызметкерлерге алғысын білдірді.

– Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногендік апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адамның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан ерен еңбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық, – деді сала қызметкерлерін құттықтаған облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Жомарт Асқаров.

Кәсіби мерекеде марапатталғандардың қатарында төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы Дәурен Таубаев бар. Ол облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

– Азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдан бастап қызмет атқарып келемін. Солтүстік Қазақстан горнизонында жұмыс істеп жатқаныма көп уақыт бола қойған жоқ. Барлық әріптестерімді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді Дәурен Таубаев.

Мерекелік іс-шара барысында мамандарға су жаңа 3 құтқару және 11 заманауи үлгідегі жедел-құтқару көлігінің кілті табыс етілді.

Аснурия АБДУЛА,

журналист.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp