«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қойылым өзегі — адами құндылық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қуыршақ театрының 35-ші жаңа маусымы ресейлік режиссер Борис Ходыревтің “Благодарный журавль” спектаклінің тұсаукесерімен басталды.  Жаңа маусым актриса, Мәдениет саласының үздігі Айгүл Кенжеғозина-Хасенованың шығармашылық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Тоғыз жастан асқан балалар­ға арналған спектакль жапон драматургі Дзюндзи Киносита­ның пьесасы негізінде қойылды. Басты рөлді – Айгүл Науқанқы­зының өзі сомдады. Қойылымда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе­лер мен махаббат, сатқындық, жомарттық пен са­раң­дық көрініс тауып, адами құн­дылықтар не­гіз­ге алынды.

Жаңа маусымды осындай тың туындымен бастаған облыс­тық қуыршақ театрының алда атқарар жұмысы ауқымды. Шы­ғармашылық ұжымның алдағы жоспарларымен бөліскен театр­дың бөлім меңгерушісі Наталья Жанибекова қазір жұмыс қауырт екенін жеткізді. Биыл кішкентай көрермендерге 4-5 жаңа қойы­лым ұсынылмақ. Алда жаңа­жылдық ертеңгіліктер мен түрлі мерекелік шаралар   бар.

Спек­такль қызылжарлық бала­лардың көңілінен шықты. Қойылым­да Мәдениет саласы­ның үздік­тері Сапар Мәпенов пен Оль­га Ва­сильева және әр­тістер Нұрсұл­тан Қал­қа­бек, Ар­тур Вайков­ский, Алек­сей Ва­сильев, Викто­рия Лы­сенко кіш­кентай кө­рер­мендерге ерекше әсер cыйла­ды. Спек­такльден соң театр ұжы­мы Ай­гүл Нау­қан­қызын ме­рей­тойы­мен құттық­тап, ыстық ықы­ласта­рын жет­кізді.

Ермек ЖҰМА,

“Soltüstik Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp