«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өзгелерге үлгі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Вице-премьер Серік Жұ­ман­ғариннің төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде өңір­лерде са­лынып жатқан тауар­лы-сүт фер­маларының құры­лыс барысы қа­ралды.

Жиында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғызылған тауарлы-сүт фермаларының оң тәжірибесі үлгі етілді. Өңірде құ­рылысқа жеңілдікпен несие рә­сім­деу 2023 жылы басталып, 100 млрд. теңгенің бірінші траншы жылдық 2,5 пайыздық өсіммен берілді. Биыл 65 сүт кешенін салу  белгіленсе, 17 жоба іске асыры­лу­да. 17 млрд. теңге қаражат мал сатып алуға және жаңа тауарлы-сүт фермаларының құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағыт­тал­ды.  Бұл ретте жалпы сомасы 54,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа 17 ферманың құрылысына са­лын­­ған инвестиция – кәсіпкер­лер­дің өз қаржысы.

Жиында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжехан­ұлы атап өткендей, қазіргі уақытта жалпы құны 100 млрд. теңге бола­тын 2023 жылғы транштың иге­рілуі 94,4 пайызды құрайды. 20 тауарлы-сүт фермасы салынып, пайдалануға берілді, 24 жоба бо­йынша жұмыстар аяқталуда. Көш басында Солтүстік Қазақстан об­лысы келеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp