«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тату елдің туы биік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Рухани келісім күніне Оқушылар сарайында конференция өтті. Өңірде этносаралық және дінаралық келісімді арттыруға бағытталған  іс-шараға діни және этномәдени бірлестіктер басшылары, азаматтық қоғам институтының өкілдері қатысты. Олар атаулы күннің ерекше маңызға ие екеніне тоқталып, елдегі бірлік пен тыныштықты сақтаудағы рөлін атап өтті.

– Ғасырлар бойы ислам тари­хында мұсылмандар мен басқа дін өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келді. Біздің мақсатымыз – осы бір­лік пен татулықты нығайту. Құран Кәрімнің өзінде “Адамзатты ұлт пен ұлыстарға бөлдік. Мақсаты – адамдар бір-бірін тануы үшін” де­лінген. Бұл – ислам дінінің ерек­ше­­лі­гі, – дейді облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков.

Жиын барысында ынтымақ­тастық пен рухани келісімді нығай­ту, қазіргі алмағайып заманда түр­лі этникалық топтарда тұрақты­лықты сақтау мәселелері талқы­лан­ды.

Петропавл және Булаев епар­хиясының епископы Владимирдің сөзінше, Қазақстанда көптеген эт­ностар жылдар бойы бірлікте өмір сүріп келеді, ауызбірші­ліктен ар­тық құндылық жоқ екенін түсінген. Ұлтқа, дінге де бөлінуге болмайды. Атау­лы күннің маңыздылығы да осын­да. Шара соңында қонақтар Қазақ­стан халқының рухани құндылы­ғын нығайту мақсатында дайындалған арнайы бейнеро­ликті та­ма­шалады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp