«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қуаныш” – күміс жүлдегер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Волейболдан қыздар коман­да­ла­ры арасында өткен ел кубо­гы­ның финалында жергілікті “Қуаныш” талдықорғандық “Жеті­су­мен” кездесті.

Бірінші минутта­н бастап тал­дықорғандық бұ­рымдылар ойын тізгінін өз қол­дарына алды. Жер­лестеріміз қарсыластарын ұпай саны бойынша алысқа ұзат­па­ғанымен, кездесудің алғашқы ке­зеңі “Же­тісу” клубының пайдасы­на ше­шілді. 

Екінші сетте “Қуаныштың” қыз­дары есе қайтаруға тырысқаны­мен, бұдан еш нәтиже шықпады. Бұл жолы да талдықорғандықтар басым түсті. Соңғы кезеңді жеңіс­пен қорытындылаған қонақтар ел кубогының жеңімпазы атанды. Ал солтүстікқазақстан­дықтар кү­міс жүлдені місе тұтты.

Ермек ЖҰМА,

“Soltüstık Qazaqstan”.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp