«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақ тілінде қаралатын істер аз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ата Заңымыздың 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Бұдан бөлек, басқа да заңнамалық актілер қазақ тілін мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісі және білім беру салаларында негізгі тіл ретінде қолдануды қамтамасыз етеді.

Өкінішке қарай, іс жүзінде заң та­лаптары толыққанды орындала бермейді. Өйткені заң әуелі орыс тілінде жазы­лып, сосын қазақ ті­ліне аударыл­ады. Мемлекеттік тіл­ге онсыз да шорқақ мемлекеттік қызметкерлер түпнұсқаны оқумен ғана шектеле­тіні жасырын емес. Тәжірибеге жү­гінсек, Парламентте екі заң ғана қа­зақ тілінде жазыл­ған. Олар “Ха­лық­тың көші-қоны ту­ралы” және “Бала құқықтары ту­ралы” заңдар. Заң нормаларын сақ­тамай жүрген – өзіміз. Кімге рен­жисің? Ұлт бо­лып қалғымыз келсе, самарқау­лықтан арылмай бол­майды. Әлде Міржақып Дулаттың әлі күнге дейін маңызын жоймаған “Оян, қазақ!” ұранын маңдайша­ларға, көрнекті жерлерге жазып қою керек пе? Қа­лай болғанда да мемлекеттік тілге қатысты жауап­кер­­шіліктің жүгі, ше­шімін табар түйіні алдымен билік тізгінін ұстап отырған басшыларға келіп тіре­леді.

Азаматтық процестік кодекстің 14-бабы бойынша сот ісін жүргізу тілі сотқа жүгінушілердің таңдауы­на байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Іс жүргізудің бұл қағи­дасынан сот қызметкерлері аттап кете алмайтындықтан, мемлекет­тік тілде іс жүргізуде белгілі қиын­дықтар туады. Соттарда қазақ ті­лінде қаралатын істер жоқтың қасы десе де болады. Негізінен та­лап-арыздар тек орыс тілінде келіп түсетіндіктен, даулар тек осы тілде қаралады.

Дегенмен, қазақ тілінің мемле­кеттік мекемелерде қолданы­луында жағымды жаңалықтар бар. 2023 жылдың 16 қазанында Қа­зақстан Республикасында тіл сая­сатын дамытудың 2023-2029 жыл­дарға арналған жеті жылдық тұжы­рымдамасы қабылданды. Онда ті­лімізді дамыту жоспары ке­ңінен қам­тылған. Алайда оған қа­тысты елі­мізде жүзеге асырылып жатқан шараларды күндіз шырақ алып із­десең таппайсың. Тұжырым­да­ма­ға тереңірек тоқталсақ, бірінші ны­саналы инди­катор бойынша қа­зақ тілін меңгер­ген мемлекеттік қыз­меткерлердің үлесі 2023 жылы – 81 пайыз, 2024 жылы – 81,5 па­йыз, 2025 жылы – 82 пайыз, 2026 жылы – 82,5 пайыз, 2027 жылы – 83 пайыз, 2028 жылы – 83,5 пайыз, 2029 жылы – 84 пайыз болуы тиіс. Екінші нысана­лы индикатор көр­сеткіштері Қаз­тест жүйесі бойын­ша мемлекеттік тілді В1 деңгейін­де меңгерген мем­лекеттік қызмет­кер ұсынатын ұйым қызметкер­ле­рінің, сондай-ақ ұлттық компания қызметкерлері­нің үлесі 2023 жылы – 37 пайыз, 2024 жылы – 38 пайыз, 2025 жылы – 39 пайыз, 2026 жылы – 40 пайыз, 2027 жылы – 41 пайыз, 2028 жылы – 42 пайыз, 2029 жылы – 43 пайыз, В2 деңгейінде меңгер­ген мемле­кеттік қызметкерлердің үлесі: 2023 жылы – 35 пайыз, 2024 жылы – 40 пайыз, 2025 – 45 пайыз, 2026 жылы – 47 пайыз, 2027 жылы – 47 пайыз, 2028 жылы – 49 пайыз, 2029 жылы – 50 пайыз деңгейіне жетеді деп белгіленген. Бүгінгідей сыл­быр қимылмен, тасбақа жүріс­пен қағазда көрсетілген әп-әдемі жос­­парлар су түбі құрдымға кетуі ға­­жап емес.

Ғалима ТҰРЛЫБАЕВА,

Қызылжар аудандық сотының судьясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp