«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН АЛЫНҒАН ҚОЙЫЛЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар тұрғындары Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің “Түзу ағаштың көлеңкесі” шығармасының желісі негізінде сахналанған қойылымды тамашалады.

Жазушының 75 жасқа толған мерейтойына орай арнайы сах­на­ланған, шынайы өмірге негіз­делген қойылымның режиссері – Мәдениет саласының үздігі Дәурен Тойбазаров.

Өмірдің өзінен алынған туын­­­ды түрлі қайшылықтарға толы. Өткен ғасырдың 90-шы жыл­дарындағы аумалы-төкпелі кезең, жекешелендіру науқаны елді біраз титықтатқаны белгілі. Спектакльдің басты кейіпкері – еңбекқор, елжанды Ерлік Бәй­кенұлының темір торға тоғы­тылуы – сол қиын кезеңдегі, адамдар арасындағы алауыз­дықтың, опасыздықтың бір көрі­ні­сі. Адал азаматтың ту сыр­тынан пышақ ұрған Алтай сын­ды сатқындар қашан да болған. Ал Ерліктің табандылығы, қай­сар мінезі жан сүйсінтпей қой­майды. Өкінішке қарай, сат­қындық, атаққұмарлық дерті қазіргі қоғамымызда да жиі кездесіп жатады. Осындай теріс мінездерден арылатын кез кел­ді. Автордың айтар ойы да осы­ған саяды.

Қойылымды тамашалаған кө­рермендер орындарынан тұ­рып, қо­ғамның шынайы көрінісін тасқа басқандай сомдап берген театр актерлері мен шығарма авто­рына зор ықыластарын білдірді. “Жақсы ерді жаман ат­ты етуге ұмтылатындар қай за­манда да табылады ғой. Жа­расбай аға­мыздың осы бір туындысы­ның кө­рерменге жол тарт­қанын ес­тіген едік. Міне, бүгін қойы­лым­ды көрудің сәті түсіп, 90-шы жыл­дардағы аумалы-төкпелі кезең, нарықтық эконо­мика, жекеше­лен­діру науқаны­на қай­та орал­ғандай сезімді бас­тан кешкендей болдық. Қойы­лым ұна­ды. Тарихты ұмытуға болмайды. Жас ұрпақ осындай қойылымдарды көруі тиіс”, – деді қала тұр­ғыны Жамал Құ­сайынова.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp