«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Инсульт “жасарып” барады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көпбейінді облыстық ауруха­нада Дүниежүзілік инсультпен кү­рес күніне орай іс-шара өтті. “Ашық есік” күні аясында облыс­тық ауру­ханада невропатолог дәрігер­лер нау­қастарды тегін қа­былдады. Өз­ге де мамандар емделуші­лер­ арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіз­ді.

Іс-шара барысында тұрғын­дар­ға инсульт кезінде миға қан кетіп, қан айналым жүйесінің бұ­зылатыны түсіндірілді. Дәрігер­лер­дің айтуынша, жоғары қан қы­сымы, қант диабеті, холестериннің көбеюі, семіздік, физикалық бел­сенділіктің болмауы, темекі шегу және алкогольді шамадан тыс тұтыну қауіпті ауруға душар етеді.

Бүгінде әлем бойынша ин­сультке шалдығу көрсеткіші жоға­ры. Аталмыш ауру салдарынан орын алатын өлім-жітім де көп. Өкінішке қарай, ма­мандар аурудың жасарып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Сондықтан “Ашық есік” күнінде ақ ха­латтылар тұрғындарға бұл дерт­тің алдын алу үшін өз денсаулық­та­рына жауапкершілікпен қарауға, ауырып ем іздегенше, ауырмай­тын жол іздеуге кеңес берді. Ша­рада арнайы жадынамалар тара­тылып, бейнероликтер көрсетілді.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,

облыстық денсаулық  сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp