Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары төтенше жағдайлар ведомствосы қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.
Жиында Әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары түсіндірілді. Спикерлер жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларына тоқталды. Уәкілетті тұлғаларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкім-шілік жауапкершілік туралы ескертілді.
Бұдан бөлек, заңнамалық актілерге мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатаң тыйым салатын өзгерістердің енгізілгені, қызметтік әдеп нормаларын бұзумен шектесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі айтылды.
Дархан ЕРМЕКОВ,
облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.