«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шаян аулап, байымақ болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­менті ұйымдасқан қылмысқа қар­сы күрес басқармасы қызметкер­лерінің назарына іліккен 33 және 22 жастағы екі петропавлдық, сон­дай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны “Artemia salina” шаянын заңсыз аулады деген күдікпен қолға түсті.

Заңсыз әрекеттер Мамлют ау­данының аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде жүргізілген. Оқиға орнынан полицейлер жалпы сал­мағы 460 килограммды құрайтын алты қапқа салынған шаян жұ­мыртқаларын тәркіледі. Жүргізіл­ген сараптама мемлекетке келті­рілген зиянды 3 миллион 712 мың теңгеге бағалады.

Заңнама талаптарына сәйкес, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулағандарға 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостан­дығынан айыру түріндегі жаза қа­рас­тырылған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp