«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Іскер әйелдердің игі істері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы “Royal Palace” мейрамханасында Солтүс­тік Қазақстан облысының іскер әйелдері бас қосып, өз тәжірибеле­рімен бөлісті. Бұл шара “Туған жер” қоғамдық ұйымы мен облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Әйелдердің экономикалық құқық­тары мен мүмкіндіктерін насихат­тау” жобасының шеңберінде өткі­зілді.

Шараның мақсаты – өңірдегі іс­кер әйелдердің жетістіктерін көрсе­ту. Олардың құқықтарын кеңейтуге қолдау жасап, кәсіпкер әйелдер­ге арналған алаң құру. Жобаны ұйым­дастырушылардың айтуынша, мұн­дай іс-шаралар іскер әйелдер­дің ба­сын қосып қана қоймай, соны­мен қа­тар олардың бизнесте және қоғамда өз орнын табуға көмекте­седі.

Іс-шара “Солтүстік Қазақстан об­лы­сындағы іскер әйелдерді ша­быт­тандыратын оқиғалар” тақы­рыбы аясында өткен кездесуден бастал­ды. Бұл жерде жетістікке жету тари­хы, қиындықтарды еңсеру тәсілде­рі, кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қадамдар мен кездескен қиыншы­лықтар жайында ой бөлісілді.

Сонымен қатар шара аясында қатысушыларға өз кәсібін жаңа дең­гейге көтеруге, бизнесін дамытуға бағытталған жәрмеңке ұйымдасты­рылды. Жәрмеңкеде әйелдерге ар­налған қолөнер бұйымдары, тағам өнімдері, киім-кешек және космети­калық тауарлар ұсынылды. Жәр­меңкеге келушілер іскер жандар­дың туындыларымен танысып, са­тып алып жатты.

Жәрмеңкемен қатар, түрлі ше­берлік сабақтары да өткізілді. Бұл сабақтарға қатысушылар заманауи бизнесті жүргізу әдістерін, марке­тинг­тің тиімді тәсілдерін, өз ісін жаңа деңгейге көтерудің құпия­ла­рын үйренді. Шеберлік сабақтарын өңірдің белгілі кәсіпкерлері мен биз­нес тренерлері өткізді.

 Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp