«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кодекс талаптары түсіндірілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері де­пар­­таментінің мамандары төтенше жағ­дайлар ведомствосы қызметкер­ле­рінің қатысуымен семинар өт­кізді.

Жиында Әдеп кодексінің талап­тары, мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты, мемлекеттік қызмет­шілерге тәртіптік жаза қол­да­ну қағи­далары түсіндірілді. Спи­керлер жал­пы қабылданған мо­ральдық-әдеп нор­маларына тоқ­талды. Уәкілетті тұлғаларға Әкімші­лік құқық бұзу­шы­лық туралы ко­декске сәйкес әкім-шілік жауапкер­шілік туралы ескертілді.

Бұдан бөлек, заңнамалық акті­лерге мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатаң тыйым салатын өзгерістердің енгі­зілгені, қызметтік әдеп нормаларын бұзумен шектесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қа­жеттігі айтылды.

Дархан ЕРМЕКОВ,

облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp