«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАРДЫҢ ДЕНІ – АУЫЛДЫҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Әділет және өркендеу” қоғамдық қорының бастамасымен өткен “дөңгелек үстел” басына медициналық сақтандыру қорының, денсаулық сақтау, еңбек ұтқырлығы орталығының өкілдері және еңбек инспекциясының  мамандары жиналып,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі және оған жарна төлемеген азаматтардың құқықтары жайында әңгіме өрбітті.

“МӘМС жүйесі  ел бойынша өзекті проблемаға айналып отыр. Әсіресе, ауыл адамдары­ның жар­на төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Қол­дағы деректерге қара­ғанда, бұл санаттағылардың саны 85 мыңға жуық. Оның ішін­де жұмыссыздар саны – 12 мың. Сонда қалған аза­маттар не үшін сақтандырылмай отыр деген сауал туады. Жарна­ны төлемей отырған кімдер? Мә­селені бірігіп талқылаудағы мақ­сат – Мәжіліс депутаттарына хат жолдап, Үкі­метке ұсыныстар бе­ру”, – деді “Әді­лет және өркендеу” қоғам­дық қоры облыстық филиа­лы­ның жетекшісі Жанат Мұха­мед­жанов.

“Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры” Солтүстік Қа­зақстан облыстық филиалының директоры Айнагүл Дәулетшина­ның пікірінше, сақтандырылма­ғандардың басым бөлігі – ауыл­дықтар. Сондықтан адамдарға міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандырудың қажеттілігін түсіндіру аса маңызды. Олардың  арасында Д, Е санатына жата­тын тұрмысы төмен, аз қамтыл­ған жандар баршылық. 2025 жыл­дан бастап сақтандыру тө­лем­дерін төлеу жергілікті әкім­діктер құзырына берілетін бола­ды.

Өңірде 47 мың ауыл тұрғыны МӘМС жүйесіне тіркелмесе,  11 мың адам мүлдем жарна төле­меген. Төрт мың адам өз-өзін жұ­мыс­пен қамтығандар қатарында.

Рабиға ЕРАЛЫ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp