«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық аппеляциялық сот Qnet қаржы пирамидасын құрғандардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Осылайша 110 солтүстікқазақстандықты алдаған бес азаматқа шығарылған үкім өзгеріссіз қалды.

Биыл тамыз айында Петропавл қалалық соты петропавлдықтарды сан соқтырып, тақырға отырғызып кеткен Еркін Камалиев пен оның қарындасы Райхан Камалиева және Наурызбек Исинді алты жыл жеті айға, ал Әсел Елубаева мен Сансызбай Сыздықовты бес жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Олар 2018-2022 жылдар аралығында Qnet қаржы пирамидасының өңірдегі филиалын ашып, алаяқтық жолмен 106 млн. 920 мың теңгені қалтаға басқан. Сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің келтірген айғақтары және қылмыстық істің басқа материалдары негізінде дәлелденген.

Бірақ айыпталушылар бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын.

“Петропавл қалалық сотының 2024 жылғы 29 тамызда Еркін Камалиев, Райхан Камалиева, Наурызбек Исин, Сансызбай Сыздықов және Әсел Елубаеваға қатысты шығарылған үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Апелляциялық қаулы жарияланған күннен, яғни 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енсін”, – деді үкімді оқыған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербар Қалиев.

Динара ТӨЛЕҢГІТОВА, облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp