Облыс полицейлері “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр. Акция 16 қыркүйекте басталған болатын. 50 күннің ішінде тәртіп сақшылары 347 жалдамалы пәтерді, 5700 саяжайды тексерді. Сонымен қатар, полицейлер 1200-ден аса шаруа және фермерлік қожалықтарды аралады.
Мамандар бұрын қолданылған тауарларды сату орындарында 602 рейдтік іс-шара жүргізді. Есірткі граффитиді анықтау мен бояу жұмыстары да қоса атқарылып жатыр.
Қару иелері де назарда. Осы уақытқа дейін 6094 адам тексеріліп, 54 тұрғын қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
“Ақша, құжат, құнды бұйымдар және қаруға қатысы жоқ басқа да заттарды қару сақтайтын сейфке салуға тыйым салынады. 50 күннің ішінде заңсыз айналымнан 12 тіркелмеген тегіс ұңғылы қару алынды”, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.