Ауыл шаруашылығын өркендету – ел дамуындағы маңызды салалардың бірі. Әсіресе, көкжиекке дейін созылған астықты даласы, малға жайлы жайылымы бар қойнауы құтты Қызылжар өңірінде аталған саланың мүмкіндігі мол. Жыл сайын тың жобалардың қолға алынып келе жатқаны осының дәлелі.
Ауыл шаруашылығын қолдау – тек азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың кепілі емес, ауылдағы ағайынның әл-ауқатын арттырудың бір жолы. Халқына жанашыр іскер кәсіпкерлер, білгір мамандар мен жұмысына адал еңбек адамдарының арқасында қазыналы даламыздың ырысы артып, берекесі тасып отыр. Осы салада аянбай тер төгіп, үздіктер қатарынан көрініп жүргендерді марапаттап, жетістіктерді қорытындылау үшін ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті. Шараға қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жиналғандарды мерекемен құттықтап, сала мамандарының елеулі еңбегін атап өтті.
Салтанатты шарада серіктестік басшылары, ветеринар, механизатор, сауыншы, агроном, жүргізушілерге түрлі марапаттар табыстады.
(Салтанатты шара жайлы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan.