Қыркүйек айында Петропавлда алкогольді сусындар шығаратын зауыт қайта іске қосылғаны белгілі. Жобаны жүзеге асыруға 13 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорында болып, өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі саналатын зауыттың жұмысымен танысты.
Кәсіпорынға заманауи еуропалық қондырғылар орнатылған, процесті автоматтандырудың арқасында өнімділік бірнеше есеге дейін ұлғайыпты. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.
“Өндірістің іске қосылуы мультипликативті әсер береді. Жұмысшылар саны 260-тан 385 адамға дейін өсті. Орташа еңбекақы – 267 мың теңге. Бұл кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеуші өндіріс орындарының бірі саналады. Өткен жылы компания облыс бюджетіне 15,6 миллиард теңге салық төлесе, оның 13,5 млрд. теңгесі – акциздер. Жаңа желілердің іске қосылуы акциздердің түсімін 22 млрд. теңгеге дейін көбейтпек. Жалпы жаңа өндірістің іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық базасы мен бюджет түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік берді”, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.