«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ел дәулетін еселеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық маслихатта ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтіп, онда ел дәулетін еселеген бірқатар мамандар марапатталды.

Төскейінде төрт түлігі тең өрген, қара жердің қасиетін танып, дала төсін алтын дәнге толтырған халқымыз үшін ауыл шаруашылығы тіршіліктің күре-тамыры саналады. Бұл сала жыл сайын қарқынды дамып, халқымыздың әл-ауқаты артуда.

– Тұрғындардың өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл сала жаңа деңгейге көтеріліп, экономикадағы жетекші күшке айналды. Биыл өңір шаруалары орта есеппен гектарынан 18,6 центнерден өнім жинады. Ел қамбасына құйылатын астықтың 30 пайызы Қызылжар өңірінде өсіріледі, – деді жиынды ашқан “Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекет Нұғыманов.

Кейін сала қызметкерлерін салтанатты марапаттау сәті басталды. Бұл күні “Үздік әлеуметтік әріптес”,  “Еңбек даңқы”, “Құрметті ардагер”, “Елеулі еңбегі үшін”  ордендері мен төсбелгілерін алған жандар аз болмады.

Құрметке бөленгендердің қатарында мал дәрігерлері де болды. Осы салада 2016 жылдан еңбек етіп келе жатқан  Әділ Есмұхамбетов ІІІ дәрежелі “Еңбек даңқы” орденіне ие болды. Уәлиханов ауданындағы Ақбұлақ ауылдық округінің ветеринары еңбегінің еленгеніне дән риза.

 Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp