Облыстық полиция департаменті жанындағы музейдің құрылғанына 35 жыл толды. Осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылып, мамандар музейдің тарихы туралы сыр шертті.
Мәдениет ошағы соңғы бірнеше жыл қатарынан Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі үздік музейлердің қатарынан көрініп келеді. Музей сөрелеріндегі жәдігерлер солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлерінің бейбіт өмірде, майдан алаңдарында көрсеткен ерліктері туралы, ел арасында резонанс тудырған қылмыстар және оларды ашқан тәртіп сақшылары хақында сыр шертеді.
Департамент ардагерлері атынан отставкадағы полиция полковнигі, музейдің қалыптасуына атсалысқан Қапез Дәулетбаев сөз сөйлеп, мәдениет қорын жинақтаушылар Любовь Осинская мен Нина Бенграфтың еңбегін ерекше атап өтті.
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов ведомстволық музеймен әріптестік байланыс орнатқан ұйымдарға Алғыс хаттар табыс етті. Оның қатарында Ұлттық ұлан академиясы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжі, №1 орта мектеп, Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия, БЭСТ гимназиясы, №5 орта мектеп пен басқа да оқу орындары бар.
Музейдің мерейтойына арналған шара облыстық полиция департаменті мәдени орталығы дайындаған концертке ұласты.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің жетекші маманы.