«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқ ақшаны қайтарды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл тұрғынының атынан белгісіз біреу мобильдік қосымша арқылы алаяқтық жолмен 2 млн. теңге несие рәсімдеген. Зардап шегуші соттың шешімімен аталған соманың жартысын қайтарып алды.

Облыс орталығының тұрғыны Петропавл қаласының №2 сотына ақшасын өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінген. Арызданған әйелдің айтуынша, 2023 жылдың қаңтар айында оған белгісіз біреу хабарласып, өзін “Қазақстан Ұлттық банкі” акционерлік қоғамының қызметкері ретінде таныстырып, несие алғызған.

Қылмыстық істі тергеу барысында несиеге алынған қаражаттың бір бөлігі – 1 млн. теңгенің сол күні алаяққа тиесілі шотқа аударылғаны анықталды. Қалған 1 млн. теңгенің қай шотқа аударылғаны анықталған жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp