«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тіршіліктің тірегі — ана

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің кезекті отырысында отбасыларды қолдау мен дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеу институтын нығайтуға байланысты маңызды мәселелер талқыланды.

Отырысты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов ашты. Ол аналар кеңесінің әлеуметтік келісімді нығайтудағы және отбасыларды қолдаудағы маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында бірқатар қыз-келіншек ұлтаралық келісімді, рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Аналар кеңесі бірлестік жұмысын тиімді, белсенді, нәтижелі жүргізіп отырған жандардың ең таңдаулысына “Ел анасы” атағын беруді дәстүрге айналдырған. Биыл бұл марапатқа аналар кеңесінің құрметті мүшесі, еңбек ардагері Қымбат Исманова лайық деп танылды. Аудандардағы ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердегі аналар кеңесінің белсенді мүшелері мәдениетті қоғам құру ісіне қосқан үлестері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Кеңес төрайымы Жұлдыз Саттарова “Салауатты сана” жобасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар жайлы сөз қозғап, бірлестік жұмысының жастар арасындағы нашақорлық пен лудоманияның алдын алу мәселелерін қамтитын бес бағыты туралы айтып берді. Шал ақын ауданынан келген қыз-келіншектер өздерінің жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісіп, жиналғандарды қолөнер бұйымдары көрмесімен таныстырды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp