«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шығынның орнын толтырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық маманданды­рылған табиғат қорғау прокура­ту­расы орман қорын қорғау жө­нінде шаралар қабылдады. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін орман мекемелерінің 4 ди­ректоры тәртіптік жауапкерші­лікке тартылды.

Облыстық прокуратураның мә­ліметінше, ведомство таби­ғат қорғау заңнамасы саласында­ғы заң бұзушылықтарды анық­тау және жолын кесу бо­йынша жүйе­лі жұмыс жүргізіп ке­леді. Орман заңнамасының сақ­та­луын талдау барысында ор­ман алқабына келтірілген залал­ды өтеу жөнінде шаралар қол­данылмағандығы, сондай-ақ “Жасыл Қазақстан” ұлттық жо­басының тиісінше орындал­мауы, оның ішінде есепке алынба­­ған орман бойынша жұмыстың жүргізілмегендігі анықтал­ды.

Орман кодексінің талапта­рына қарамастан, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма­сының лауазымды тұлғалары 2006 жылдан бастап Петропавл қаласы аумағын кеңейту мақса­тында орман алқаптарын жой­ға­ны үшін 53 млн. теңге шамасында шығынның орнын толтыру жөнінде шаралар қабылдамаған. “Ақан сері”, “Бұрлық”, “Мамлют” және “Есіл” ор­ман шаруашылықтары заң та­лаптарын бұза отырып, 2023 жылы орманды ұлғайту бойынша көрсет­кіштерге қол жеткізбеген.

Тағы бір жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі Экологиялық кодексті елемей, салда­рынан орман алқабының аума­ғына аммиак төгілген. Бұл жағ­дай орман қорының бүлінуіне әкеп соқты. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекетке 53,2 млн. теңге залал өтелді, заң бұзушылықтарға жол берген орман мекемеле­рінің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар прокурату­раның ұсынысы бойынша биыл мемлекеттік орман қорына кірмеген орман алқаптарын есепке алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp