«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2024 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабайұлының мұрасына арналған “Алаш мұраты – түркі бірлігі” атты маңызды іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Мұхтар Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институтының дайындауы­мен және Түркі Академиясының қолдауымен жарияланған Ах­мет Байтұр­сынұлы мен Мағжан Жұ­мабайұлының көп­томдық академиялық шығармалар жи­на­ғы­ның тұсаукесері өтті.

Жиында Түркі Академиясының прези­ден­ті Шаһин Мұста­фаев, Әдебиет және өнер институты бас директорының орын­басары Эльмира Омарова, мемле­кет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, Парламент Се­натының депутаты Дархан Қы­дыр­әлі, Л.Гу­милев атындағы Еу­разия ұлттық уни­вер­ситетінің про­фессоры Серік Негимов және мемлекет қайраткері Сауытбек Әбді­рахма­нов сөз сөй­леді. Сонымен қатар ша­раға дип­ломатиялық миссия­лардың бас­шы­лары мен өкілдері, ғалым­дар, қоғам қайрат­кер­лері және депутаттар қатысты.

Эльмира Омарова Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кен­жехан Матыжановтың аты­нан Түркі Академиясының пре­зи­дентіне ал­ғыс хат табыстап, көптомдық жинақтарды әзірлеу­дегі тығыз ынтымақтастық үшін, сондай-ақ түркі әлемінің ұлы тұл­ға­ларының мәдени мұрасын зерт­­теуге қосқан үлесі үшін ри­зашы­лығын білдірді.

Өз сөзінде Шаһин Мұста­фаев Ахмет Бай­тұрсынұлы мен Мағ­жан Жұмабайұлының түркі әлемі үшін тарихи әрі мәдени ма­ңы­зына тоқталды.

– Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін қалаушы және әліпби ре­форматоры ре­тін­де түр­кі ғылымының дамуына баға жет­пес үлес қосты. Оның ор­тақ түркі термино­логиясы мен әдеби тіл­ді қалыптастыру тура­лы идея­лары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ал Мағжан Жұ­мабайұлы өзі­нің шығар­машы­лығымен ұлттық сананы оятып, түркі әлемінің бір­лігін дәріптеген ұлы тұлға бол­ды. Оның “Алыс­тағы бауырыма” сияқты өлең­дері бауырлас ха­лықтар ынты­ма­ғының жарқын үл­гісі болып табылады, – деді Түркі Акаде­миясының басшысы.

Сонымен қатар Шаһин Мұс­та­­фаев Алаш қайраткерлері көре­гендікпен сенген Түркі­стан идеясының тәуелсіз түркі мем­ле­кеттерінің интеграциясы дәуі­рінде де өз маңы­зын сақтап отыр­ғанын атап өтті. Ол биыл қыркүйек айында қабылданған Ортақ түркі әліпбиін Ахмет Бай­тұрсынұлы мен түркі әлемінің басқа да ұлы ағартушыларының асыл мұрат­тарының орындалуы ретінде ба­ға­лап, Түркі Акаде­миясының мұндай маңыз­ды бастамаға үлес қосқанын үлкен мәртебе санай­тынын жеткізді.

Шара барысында Түркі Ака­демиясының түркі әлемінің ұлы тұлғаларының мұрасын зерт­теу­ге және насихаттауға ба­ғытталған іргелі жобалары да та­нысты­рылды. Акаде­мия­ның “ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ба­сын­дағы түркі ағартушылығы: зиялылардың өмі­рі мен идеяла­ры” жобасы аясында ұлт­тың өр­кендеуіне қыз­мет еткен ой­шыл­дар­дың өмірбаяндары мен идея­­лары жинақ­талуда. Келер жылы Шоқан Уәлихановтың 190 жыл­дығына орай оның таңдаулы еңбектерін тү­рік оқырмандарына ұсыну жоспарда бар.

(“Turkystan”,

29 қараша 2024 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp